Мысырлық тарап студенттер туралы ресми ақпарат әлі берген жоқ - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың құқық қорғау органдары қазақстандық студенттер туралы ресми ақпарат әлі бермей отыр. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мысырдың құқық қорғау органдары ұсталған отандастарымызға қатысты тиісті тараптың әлі күнге дейін олардың қайда екендігі туралы ресми ақпарат ұсынбағандығын хабарлаймыз. Мысырлық ресми биіліктің сендіруінше, олар дін аман және қауіпсіз жағдайда ұсталып отыр. Каирдегі Қазақстан Елшілігі биліктен түсіндірулеріне және консулымыздың қазақстандықтармен кездесуін қамтамасыз етуіне талап қоюда»,-  деді ол.

Жайнақовтың бейресми ақпараттарға сүйеніп жазуынша, Мысырдағы бірқатар лаңкестік әрекеттен кейін енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деген желеумен адамдарды ұстау операциялары жүргізіліп жатыр.

«Осыған байланысты Елшілік Мысырда уақытша жүрген қазақстандық азаматтардың арасында жергілікті заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық қорғау органдарымен байланысқан кездегі заңды құқықтары туралы ақпараттандыруда.

Қазақстанның СІМ басшылығы Мысырдағы отандастарымыздың тағдырына қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстауда. Біз шетелде отандастарымыздың заңды құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыра береміз және бұл жұмыстардың нәтижелері туралы оның бізге келіп түсуіне қарай қоғамдық ақпараттандырып отырамыз. Бүгін Қазақстан Елшісі Каирде Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен тағы да жүздеседі», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

Соңғы жаңалықтар