Мысырлықтар Хиллари Клинтонға қызанақтар лақтырды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Шерушілер сенбі күні жұмыс сапарымен Мысырға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның кортежіне қызынақтар мен бәтеңкелер лақтырды, деп хабарлады Reuters.

Мысырлықтар Хиллари Клинтонға қызанақтар лақтырды

Оқиға жексенбі күні, мемлекеттік хатшы жиналғандарға демократиялық құқық туралы дәріс оқып, Александрияға кетіп бара жатқан кезде орын алды. 

Лента. ру жазғандай, брондалған көліктерге аяқ киімдер мен су толтырылған бөтелкелер лақтырылды. Клинтон мен оның көлігі дін аман, дегенмен жаудырылған қызанақтың салдарынан мысырлық шенеунік зардап шекті. Шерушілер АҚШ-тың бұрынғы президенті, күйеуі Билл Клинтонмен болған атышулы оқиға туралы - ол "көзіне шөп салғанын" есіне түсірмек болып, оның соңынан «Моника, Моника» деп айқайлаумен болған.

Бұл «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысының көшбасшысы Мохаммед Мурсидің ел призиденті болып сайланғанынан кейін бизнес-вуменнің Мысырға жасаған алғашқы сапары болды. Жуырда шерушілер Клинтон тұрақтаған қонақ-үйдің алдына жиналып, қызынақ лақтырған болатын. Шерушілер «Клинтон, кет» деп айқайлап, антиисламдық ұрандар айтып, АҚШ-ты «Мұсылман бауырларға» билік басына келуілеріне көмектесті деп айыптаған.