«МЮ» Еуропа лигасының бірінші жартылай финалында «Сельтаны» жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының жартылай финалындағы «Сельта» мен «Манчестер Юнайтед» арасында өткен матчта Премьер-Лига өкілдері басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«МЮ» Вигода өткен кездесуде ойын басталғаннан-ақ басымдық танытып, алаңда өз ойын-өрнегін көрсетті. Алайда, испаниялық клубтың қақпасынан британиялықтар тек екінші таймда ғана саңылау таба алды. Маркус Рэшфорд айып алаңынан тікелей соққы жасап, қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, матч 0:1 есебімен аяқталды. «Қызыл перілер» өздерінің бай клубтық коллекциясының титулы- Еуропа лигасының чемпионы атағына бір табан жақындай түсті. Жартылай финалдық қарымта кездесу 11 мамыр күні Манчестерде өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram