Мюнхен маңында Ежелгі Римнің қонысы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаланың орталығынан батысқа қарай бағытта жаңадан тұрғызылатын ауданның аумағын зерттеу барысында архелологтар көне қоныстың орнын анықтады.
Бірнеше апта бойы жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ғалымдар олжалы болып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ. Ол жерден ерте қола ғасырына тиесілі сүйек қалдықтары табылған. Сонымен бірге археологтар ерте кездегі үйлердің сұлбасын анықтады. Атап айтқанда, бұл қоныста құдықтар мен үй-жайлардың іздері табылып отыр. Бұл елді мекендегі қыштан жасалған бұйымдар біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларға жатады екен. Мюнхенде Ежелгі Рим кезіндегі қоныстың табылуына кірпіштерді күйдіруге арналған үлкен пештердің анықталуы дәлел болуда.