Мюнхен полициясы атыс ұйымдастырған жігіттің досын қолға түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхен полициясы атыс ұйымдастырған жігіттің досын қолға түсірді. Полицияның мәліметіне қарағанда, ол атыс ұйымдастырушының жоспарын алдын ала білген, алайда оны полицияға хабарламаған, деп жазады ТАСС.
Еске сала кетейік, 22 шілде күні кешкі уақытта Мюнхендегі «Олимпия» сауда үйі маңында белгісіз біреу оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты. Оның ішінде атысты ұйымдастырған жігіт те бар. Белгілі болғандай, оның есімі Давид Сонболи, иран тумасы, жасы 18-де. Полиция мәліметіне қарағанда, ол осы шабуылды ұйымдастыруға бір жыл бойы дайындалған.