Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мюнхенде «Октоберфест» сыра фестивалі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхенде «Октоберфест» сыра фестивалі өтіп жатыр. Бұл әлемдегі халықтың ең көп жиналатын серуені болып есептеледі.

 Мюнхенде «Октоберфест»  сыра фестивалі өтіп жатыр

Биыл фестиваль 183 рет мерекеленуде.

Бұл шара  Мюнхен бургомистрінің сыраның алғашқы бөшкесін арнайы қол тоқпақпен екі рет ұруы арқылы ашылды.  Өткен сенбіде, түс кезінде басталған фестивальдегі қауіпсіздікті биыл 600 полицей қамтамасыз етуде. Тағы 450 күзетші халықтық серуен өтіп жатқан аумаққа кіретін жерде келушілерді тексеріп жатыр.

Октоберфест 3 қазанға дейін жалғасады. Сыра фестиваліне жылына 6 миллионға жуық адам қатысады.