Мюнхендегі атқыш бейнежазбаға түсіп қалды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхендегі сауда орталығындағы атыс куәгері шабуылдаушылардың бірін бейнежазбаға түсіріп алды.
Бейнежазбадан бойы 1 метр 90 сантиметр болатын жас ақшыл ер адам сауда орталығынан шығып, үрейленген адамдарды ата бастаған. Куәгерлер «Олимпия» сауда орталығында оқ атқандар үш адам екенін хабарлайды.
Мюнхен полициясы қаладағы атыс салдарынан алты адамның қазаға ұшырағанын қуаттады, деп хабарлады РИА Новости.
Оның айтуынша, оқ жаудырғандар үш адам болған және қылмыс орнынан із жасырған. «Олар әлі де қалада жүр деген ойдамыз», - деп оның сөзін келтірген CNN телеарнасы.
Ол билік болған оқиғаны «лаңкестік акті» деп санайтынын айтты.
Еске сала кетейік, Мюнхендегі «Олимпия» сауда орталығында, Карлсплатц алаңында және метро стансасы жанында оқ жаудырылған. Әртүрлі мәліметтер бойынша, үштен он беске дейін адам төтенше оқиғаның құрбаны болған. Полиция арнайы операция жүргізуде, қалада төтенше жағдай жарияланды. Қылмыскерлердің тұрғылықты жері және олардың дәл саны әзірге анықталған жоқ.