МЖӘ әлеуметтік маңызды жобаларды ұлғайтуға ықпал етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ «Конкурстық құжаттама және концессиялық өтінім экономикалық сараптамасы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ өкілдері: Басқарма Төрағасының орынбасары - Шолпан Сапарғали, Басқарушы директорлар Жанар Тайжанова және Талғат Балқияев, сондай-ақ «Астана ӘКК» ҰК» АҚ және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ қызметкерлері қатысты.
Бұл шара - барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдар арасында МЖК тетіктерін енгізу мәселелері бойынша кең көлемді әдіснамалық жұмыстарды жалғастыру.
«МЖӘ көптен бері күллі әлемде өзін жекеменшік инвестицияларды қоғамдық маңызды жобаларды қаржыландыруға тартудың тиімді және икемді тетігі ретінде көрсетіп келеді», - деді Жанар Тайжанова.
Сондай-ақ, Орталықтың Басқарушы директорының айтуынша, МЖӘ байқау негізінде жеке әріптесті таңдауды қамтиды және бұл семинар ЖАО кәсіпкерлер арасында конкурстық рәсімдерді дұрыс өткізуді, сапалы іріктеуді түсінуіне бағытталған. Осыған байланысты біз барлық мемлекеттік органдар өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықпен кездесу өткізуге ниеттіміз.
Қызылорда облысынан семинар қатысушысы Ләззат Алдоңғарова бұл семинардың практикалық пайдасын атап өтті: «Нысандарды салып қана қоймай, оны пайдалану, қызмет сапасының тиісті деңгейін сақтай отырып ұзақмерзімді перспективада оны басқару қажет. Бүгінгі семинар баршамызға жаңа білім алуға жәрдемдесті деген ойдамын. Сонымен бірге өз деңгейінде мемлекеттік-жеке әріптестік саласына енгізу үшін жаңа идеялар мен жобалар тудырады».
Семинар барысында таңдаушыларға тетіктер бөлігіне түсіндіру берілді, атап айтқанда оларды практикада пайдалану мемлекет пен бизнестің өзара жұмыс істеуінің жаңа үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді. «МЖӘ туралы» заңның мақсаты инфрақұрылым мен қоғамдық қызметтер сапасын жақсарту үшін ресурстарды біріктіру жолымен мемлекет пен бизнес арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты қаыптастыру және күшейту болып табылады.
«МЖӘ туралы» заңға сәйкес, осы бағдарламаның операторы ретінде ҚР Үкіметі «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ны айқындады. Оған «МЖӘ туралы» Заңның №26 бабына сәйкес мынадай өкілеттіктер бекітілді:
- мемлекеттік-жеке әріптестік мәселелері бойынша ұсынымдарды зерттеу және өңдеу;
-мемлекеттік-жеке әріптестік республикалық жобаларының тұжырымдамаларына, оның ішінде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
- мемлекеттік-жеке әріптестік республикалық жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
- мемлекеттік-жеке әріптестік республикалық жобалар бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік шартының жобасына, оның ішінде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
- мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;
- мемлекеттік-жеке әріптестік саласында мамандарды оқыту;