12:57, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
«МЖЗҚ» АҚ өзінің жарғылық капиталын 5, 01 миллиард теңгеге ұлғайтты
АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) жарғылық капиталын 5 012 770 862 теңгеге дейін ұлғайтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат МЖЗҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ресми мәліметтері бойынша МЖЗҚ жарғылық капиталы 2008 жылғы қаңтардың 1-інде 1 012 771 000 теңгені құраған болатын. Жарғылық капитал мөлшерін 5 012 770 862 теңгеге дейін ұлғайту 3 125 000 данада жарияланған жай акциялар санын ұлғайту арқылы іске асырылады. Бұнымен жарияланған жай акцияларының жалпы көлемі 8 680 000 дананы құрайтын болады.
«Жарғылық капитал Қордың стратегиялық даму мүмкіндіктерін анықтайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Оның көлемімен компанияның шамасын және қаржылық жағдайы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзінің жарғылық міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаражат қалыптастыру көзі болып табылады. Жарғылық капиталды ұлғайту Қордың тұрақтылығы мен жауапкершілігін көтеру, сондай-ақ ұлғайып келе жатқан салымшылар алдында міндеттемелерді өзіне алу. Сондай-ақ ағымдағы қаржылық-экономикалық жағдайларда МЖЗҚ жарғылық капиталын ұлғайту акционерлерінің сенімді екенін айғақтайды және олардың талпынысы Қорды дамытып, зейнетақы қызмет нарығындағы оның позициясын бекітеді. Қабылданып жатқан шаралар Қор жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын көтеруге мүмкіндік береді және 2,4 млн. астам МЖЗҚ салымшылары үшін сенім кепілі болып табылады» дейді қордың баспасөз қызметі.
Бұл бұдан өзге, жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту жөніндегі шаралар 2012 жылдан бастап күшіне енетін және жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері кем дегенде екі миллиард теңге көлемінде болуын анықтайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының жаңа талаптарына да толықтай жауап береді.