10:31, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Н.Әбіқаев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне мүше болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен сенатор болып тағайындалған Нұртай Әбіқаев Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне мүше болып сайланды.

«Нұртай Әбіқайұлын барлығыңыз жақсы білесіздер. Белгілі мемлекет қайраткері. 2007 жылға дейін ол Сенат төрағасы болып жұмыс істеген. Нұртай Әбіқайұлын депутаттық қызметке кірісуімен құттықтаймыз. Нұртай Әбіқайұлының заң шығару қызметіне тың серпін беретіндігі анық. Нұртай Әбіқайұлы өзінің депутаттық міндетін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамында орындау жөнінде өтініш білдірді», - деген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Н.Әбіқаевты аталған комитеттің құрамына сайлау туралы Сенат қаулысын дауысқа қойды.
Жалпы отырысқа қатысқан 44 депутат қаулыны бірауыздан қолдады.