Н.Бекқайыр БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып тағайындалды

ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Мағазұлы Бекқайыр БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып тағайындалды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 27 ақпан күні облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаев жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырды.

Н.М.Бекқайыр 1959 жылы дүниеге келген, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы қазіргі Атырау облысы Индер ауылында №46 кәсіптік-техникалық училище оқытушысы болып бастаған ол комсомол, партия ұйымдарында лауазымды жұмыстар атқарды. Бұрынғы Тайпақ ауданында басшылық қызметтерде болды. 2000-2005 жылдары Орал қаласы әкімі аппараты жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігін басқару жөніндегі бөлім бастығы, 2005 жылдан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі болды.

Соңғы жаңалықтар