Н.Беристайн: Головкин Альваресті мансабын аяқтауға мәжбүрлеуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс әлеміндегі атақты бапкер Начо Беристайн WBA/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBC чемпионы Сауль Альварес үшін аса қауіпті қарсылас деп санайды, деп мәлімдеді championat.com. порталы.
«Менің көзқарасым бойынша бұл айқасты ұйымдастырудың қажеті жоқ, себебі қазақстандық Канелодан әлдеқайда мықты. Оның стилі шапшаң болмаса да, ол өте мықты. Канеломен салыстырғанда, оның тактикалары сан алуан. Қазір Альварес әлемдегі жолы болғыш боксшылардың бірі, ол мексикалық бокс үшін аса қажет те. Алайда Головкин оның мансабын аяқтауға мәжбүрлеуі мүмкін», - деді Беристайн.