Н.Ермекбаев Грозныйда Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының халықаралық кездесуіне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 мамырда ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы -Президент көмекшісі Нұрлан Ермекбаев қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғарғы өкілдердің VII-ші халықаралық кездесуіне қатысты.
None
None

Бұл шара Ресей Қауіпсіздік кеңесінің бастамасымен Шешен Республикасының астанасы - Грозный қаласында өтіп жатыр, оған 80 мемлекет пен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда.

Күн тәртібіне халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық және ұлттық деңгейде қабылданған шаралар енгізілді.

Қазақстандық делегация басшысы сөйлеген сөзінде 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ экстремизміне қарсы іс-әрекет жөніндегі саммитінде айтқан Мемлекет басшысының бастамаларын халықаралық алға жылжыту маңыздылығына тоқталды.

Грозныйда Н. Ермекбаев Шешен Республикасы басшысының міндетін атқарушы Рамзан Қадыровпен, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен келіссөз жүргізді.

Сондай-ақ шараға қатысушы мемлекеттер делегациясының басшыларымен, оның ішінде ҚХР Компартиясы ОК Саяси-заңгерлік комиссиясының хатшысы - Саяси бюро мүшесі Мэн Цзяньчжу, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі - АИР Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Мохаммад Ханиф Атмармен және т.б. кездесті.

Соңғы жаңалықтар