18:56, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Н. Калашникова ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Наталья Павловна Калашникова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.