Н. Мадуро Н. Назарбаевты Қазақстан Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Венесуэла Президенті Николас Мадуроның құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Н. Мадуро Н. Назарбаевты  Қазақстан Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Николас Мадуро Венесуэла Үкіметінің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Венесуэла Боливариандық Республикасының халқы мен Үкіметі Орталық Азия халықтарымен, әсіресе Қазақстан Республикасымен көпполярлы және көпорталықты әлемдік тәртіп құру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру үшін ниеттес екенін білдіреді», - делінген жеделхатта.