Н.Назарбаев Алматы «апортын» қайта өркендетуде көзге көрінетін жұмыстардың жоқтығына көңілі толмайтындығын жеткізді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Апорт» сортының алмаларын қайта өсіру мәселесі бойынша көзге көрінерлік жұмыстардың атқарылмағанына көңілі толмады,

Н.Назарбаев Алматы «апортын» қайта өркендетуде көзге көрінетін жұмыстардың жоқтығына көңілі толмайтындығын жеткізді

осыған байланысты Алматы және Алматы облысы әкімдеріне алма бақтарын салу мәселесімен айналысу қажет деген міндет қойды, деп хабарлайды Алматыдағы кеңес қорытындысы бойынша Президенттің баспасөз қызметі.

«Мен Үкіметке, министрлікке, облыс әкімдігіне «Апорт» сортының алмаларын қайта өркендету бойынша тапсырма берген болатынмын, алайда көзге көрінерлік ілгерілеушілік жоқ. Бірдеңелер жасалып жатқан сияқты. Егістік аумақтары кеңейді. Алматы және Алматы облысы әкімдеріне алма бақтарын салу мәселесімен жүйелі түрде айналысу қажет. Ауыл шарушылығы министрлігі өзінің даму және ғылыми институттарымен бірлесе отырып, осы жұмысқа қолдау білдіруді қамтамасыз етуі керек», - деп атап өтті Президент.