Н.Назарбаев Алматыда қаланы дамыту жөнінде кеңес өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 16 ақпанда Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде кеңес өтеді.

Н.Назарбаев Алматыда қаланы дамыту жөнінде кеңес өткізеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарға барады деп жоспарланып отыр.