12:29, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Н. Назарбаев әскери қызметкерлерге «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдерін тапсырды
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Отан қорғаушы күнінде Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери қызметкерлерге «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдерін тапсырды.

Атап айтқанда, ҚР Қорғаныс министрлігі 32039 әскери бөлімінің батальон командирі Мұрат Арапбаев, 31775 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы Жасұлан Әшірбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанты Сәрсенғали Батрашев, 21450 әскери бөлімінің батальон командирі Ержан Мейірманов, 10118 әскери бөлімінің командирі Қанат Сматов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерлан Сыздықовқа «Ерлігі үшін» медалі тапсырылды.