Н.Назарбаев «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестиваліне барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестиваліне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Фестиваль аясында «Оперетта кеші» атты концерт өтіп, оған Д.Назарбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Байғожин мен А.Трегубенко, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі А.Каримова, халықаралық конкурстардың лауреаты М.Байнеш қатысты. Жыл сайын өтетін бұл жоба қайырымдылық мақсатындағы шара болғандықтан барлық билет тегін таратылады. Шара мақсаты - халықтың түрлі әлеуметтік топтарына әлемдік өнердің жауһарларын тамашалауға мүмкіндік беру.