Н.Назарбаев: Астананың негізгі идеологиясы - адам мен табиғаттың үндестігі
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің бас қаласы - Астана құрылысының негізгі идеологиясы - адам мен табиғаттың үндестігі. Бүгін Астана қаласы маңындағы Мемлекеттік табиғат қорында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің айтуынша, бүгінде еліміздегі жаппай көгалдандыру тәжірибесі посткеңестік мемлекеттерде ғана емес, жалпы әлем бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. «Ендігі жерде біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі - Астана қаласының ормандарын Шортанды, Бурабай және Зеренді сияқты табиғат қорларымен қосу. Жалпы алғанда, Астана құрылысын бастаудың негізгі идеологиясы - адам мен табиғаттың үндестігі. Бұған бүгінгі елорданы көгалдандыру саласындағы жұмыстар дәлел болса керек», - деді Н.Назарбаев.