Н.Назарбаев Әзербайжан Президентін туған күнімен құттықтады

БАКУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.
None
None

«Сіздің туған күніңізге орай шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты үлесіңіз және үнемі қолдау көрсетіп отырғаныңыз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіемін.

Екі ел халықтары арасындағы достық қатынастардың жедел дамып отырғанын зор қанағаттанғандықпен атап өтемін. Біздің ұмтылыстарымыздың арқасында Астана мен Баку арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастық одан әрі біздің халықтарымыздың игілігі үшін дами беретініне сенімімді білдіремін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, Сіздің жауапты қызметіңізге табыс, ал туысқан Әзербайжан халқына - тыныштық пен гүлдену тілеймін», - делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар