Н. Назарбаев барша Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірқатар әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде барша Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
«Құрметті офицер мырзалар! Мен сіздерді осы наградалармен құттықтаймын. Атап айтқанда, өздеріңіздің Отанға деген еңбектеріңізбен және қызметтеріңізбен осы марапатқа лайықты болып отырсыздар. Біздің елдің азаматтарының тыныштығын қорғап және әскердің тиісті бөлімдерінде, арнайы қызметтер мен құқық органдарында қызмет ете отырып, осындай жоғары мәртебеге лайықтысыздар»,-деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент бүгін награда тапсырылған азаматтар бұдан әрі де Отанға беріліп, отансүйгіштікпен қызмет ететіндіктеріне сенім артты.
«Сіздер өздеріңізді бұл қызметке, яғни погон тағып өмір сүріп, жұмыс істеуге арнадыңыздар. Мен сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қызметте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!»,-деді Н. Назарбаев.