Н. Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Әлемнің жарығы» концертін тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Әлемнің жарығы» атты концертті тамашалады.Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Н. Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Әлемнің жарығы» концертін тамашалады

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте отандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Мерекелік қойылымда көптеген музыкалық және театрлық жанрлар қамтылған.