Н.Назарбаев бейбітшілікті нығайтқаны үшін мәртебелі сыйлыққа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Сербия астанасы Белград қаласында жыл сайынғы «Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы бейбітшілік, ынтымақтастық және достықты нығайту ісіне қосқан зор үлесі үшін осынау жоғары наградаға лайық деп танылды. Бұл награда Қазақстанның Сербиядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Нұрбах Рүстемовке табыс етілді.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Карич қоры» Н.Назарбаевтың бүкіл әлем алдындағы Семей ядролық полигонын жабу және КСРО-дан мұра болып қалған ядролық қарудан бас тартудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізу арқылы конфессияаралық бейбітшілікті ілгерілетудегі айрықша еңбегін ерекше атап өткен. Сербияда Қазақстан Президенті екі құрлықтың басын қосатын маңызды экономикалық бірлестік Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушы саналады.

Осыдан 18 жыл бұрын ағайынды Каричтер негізін қалаған «Карич қоры» сыйлығы бейбітшілікті, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтқаны үшін; мәдениет пен өнер; экономика мен шаруашылық қызмет; журналистика, публицистика және баспа ісі; ғылыми-зерттеу жұмыстары және гуманитарлық қызмет аталымдары бойынша табыс етіледі.

Сыйлық лауреаттары арасында Владимир Путин, Жорес Алферов, Евгений Примаков, Юрий Осипов, Эмир Кустурица, Новак Джокович, Жан-Кристоф Буисон сынды әлемге есімі танымал тұлғалар бар.

Соңғы жаңалықтар