Н.Назарбаев: Бірыңғай зейнетақы қорын құру процесі негізсіз созылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай зейнетақы қорын құру процесі негізсіз созылып кетті. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Н.Назарбаев: Бірыңғай зейнетақы қорын құру процесі негізсіз созылып кетті

«Қор нарығын жандандыруға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдау қажет. Халықтық ІРО бағдарламасы біз жоспарланғандай логикалық жалғасын тапқан жоқ. Бірыңғай зейнетақы қорын құру процесі негізсіз созылып кетті. Үкіметке, Ұлттық банкке 2030 жылға дейін қаржы секторын дамыту бағдарламасын әзірлеу және біз қабылдайтын зейнетақы жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында 2014 жылдың 1 маусымына дейін зейнетақы жүйесі мен қор нарығының нақты көрінісін беруді тапсырамын», - деді Елбасы.