Н.Назарбаев: Біздің қоғамның әртүрлілігі - әлсіздігіміз емес, қуатымыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көпұлтты қоғамын «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіреді.
Бұл туралы бүгін Ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біздің қоғамның әртүрлілігі - біздің әлсіздігіміз емес, қуатымыз. Қазақстан азаматтарының барлығы құқық көлеміне теңдей иелік етуі тиіс, бір жауапкершілікті бірге еңсеруі қажет және тең мүмкіндіктерді пайдаланулары керек. Біздің қоғам тарихи жағдайларға байланысты көптеген тіл мен ұлтқа ие болып, одан да мықты әрі ынтымақты ел бола түсті. Бүгін бізді «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіреді. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, әділдік, ғылым мен білім берудің культі, толеранттылық, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық. Ол жай сөздер емес. Ата-бабамыздың айтқаны бар: «Егер бір жылға болжасаңыз - егін ек, егер жүз жылға жоспарласаңыз - тал ек, егер мәңгі жасаймыз десеңіз - адамды, жастарды тәрбиелеңіз». «Мәңгілік ел» құндылықтары әл-ауқатты болашағымызды қалыптастыруға бағытталған. Біз Қазақстанның болашағын нығайтып, бірлігін ұзақ ету үшін ортақ азаматтық сәйкестігімізді дамыта беруіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.