Н.Назарбаев: БҰҰ 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеу қажет

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Н.Назарбаев: БҰҰ 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеу қажет

Мемлекет басшысы өз сөзінде ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екендігін баса айтты. «Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын», - деді Н.Назарбаев. Елбасы өз сөзінде оның мәні - барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру екендігін түсіндіріп өтті.