Н.Назарбаев БҰҰ БА 70-ші сессиясына қатысушыларды Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдауға шақырды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларды Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдауға шақырды.
None
None

«Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) тұжырымдамасын әзірлеу Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болар еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл өткеннен кейінгі адамзат дамуындағы жаңа кезеңнің міндеттерін нақты айқындау қажет. NEW FUTURE дегеніміз - ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік және реформалар», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіру үшін араағайындық жасауға күш салып келеді және күш сала беретіндігін баса айтты.

«Аталған бағыттар мен қағидаттар Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану науқанына арқау болып отыр. 70-інші сессияға қатысушылардың барлығын біздің еліміздің кандидатурасын қолдауға шақырамын», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар