09:43, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Н.Назарбаев елдің болашағы үшін алаңдайды - Парвиз Муллоджанов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көршілес елдерге назар салыңыздар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында сөйлеген сөзін алайық. Ол елдің, халықтың болашағы үшін алаңдайды, деді тәжікістандық саясаттанушы Парвиз Муллоджанов өз сұхбатында.

«Қазіргі заман талабына сай біздің бүгінгі экономикалық моделіміз (үлгіміз) дәрменсіз. Бізге елдегі тұрақтылықты сақтау үшін ауқымды реформалар қажет. Көршілес елдерге назар салыңыздар, Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда сөйлеген сөздерін алайық. Ол елдің, халықтың болашағы үшін алаңдайды, оны ашық айтады», - деді Парвиз Мулладжанов