Н. Назарбаев елордада қызметтерді ғаламтор арқылы ұсынуды батыл енгізуді тапсырды
«Бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, алайда қалалықтар бұрынғысынша қызметтерді ескі тәртіппен алып жатыр. Мәселен, әкімдік былтыр үш миллион қызметтің тек 0,6 пайызын электронды форматта ұсынды. Барлық кино театрлардың ішінде тек «Хан Шатыр», «Астана Опера» билеттерді ғаламтормен саудалайды. Осындай қызметтерді барлық жерде енгізуге болады. Мен осы екі мысалды ғана келтірдім. Қызмет көрсетудің осы жүйесіне ауысу керек», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент қалада коммуналдық қызметтерге төлем жасау үшін адамдар бірнеше ұйымдарды аралауға мәжбүр екенін атап өтті.
«Барлық жерде адамдар кезекте тұрады. Мен осыны тексеру үшін адамдарды арнайы жібердім. Сондықтан осы мәселені шешіңіздер»,- деп тапсырма жүктеді Елбасы.
Өз кезегінде әкімдік өкілдері елордада Бірыңғай төлем құжаты 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, біртіндеп барлық кәсіпорындар осы жүйеге ауыстырылып жатқанын жеткізді. Биыл ПИК- терді осы жүйеге ауыстыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылып жатыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін жылу мен электр энергиясы қызметтері Бірыңғай төлем құжатына енетін болады.