Н.Назарбаев елордаға шетелдік инвестиция тартудағы әкімдік жұмысын сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы елордаға құйылған жалпы инвестициядағы шетелдік үлес небәрі 0,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Қала экономикасындағы инвестиция құрылымындағы жеке капиталдың үлесі жартысына жуықтайды. Дегенмен шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіз жүргізіліп отырғандығын атап өткен жөн. 2013 жылғы 540 млрд. теңге жалпы көлемнің небәрі 1,4 миллиардын ғана шетелдік инвестиция құрады. Бұл барлық инвестиция көлемінің 0,2 пайызы», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, шетелдік көптеген компаниялар Қазақстан елордасына инвестиция құюға дайын.

«Көптеген инвесторлар инвестиция құйғылары келеді. Бірақ едәуір кедергілерге душар болады. Проблема учаске беру, жобаларды келісу, рұқсат алудан басталып, нысанды қабылдауға дейін жалғасады», деді Н.Назарбаев.

Осы орайда ҚР Президенті әкімдік шетелдік инвестиция тартудағы кедергілерді жоюмен айналысуы қажеттігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум