Н. Назарбаев емтиханды «плюсы бар 5» деген бағаға тапсырды - Лингвистикалық комиссияның төрағасы

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков ҚазАқпарат тілшісіне шағын эксклюзивті сұхбат беріп, «Нұр Отан» ХДП атынан үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін қазақ тілін қаншалықты меңгергенін анықтауға арналған емтиханды «плюсы бар 5» деген бағаға тапсырғанын атап өтті.
None
None

- Мырзатай Жолдасбекұлы, егер Нұрсұлтан Назарбаевтың білім деңгейін бес балдық өлшеммен бағалайтын болсақ, сіздің ойыңызша Президент емтиханды қалай тапсырды?

- «Плюсы бар 5» деген бағаға.

- Оны өзге үміткерлермен салыстыруға бола ма?

- Салыстыру мүмкін емес.

- «Нұр Отан» партиясының атынан тіркелген үміткерге қандай тапсырмалар берілді?

- Бірінші тапсырма бойынша «Әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан» тақырыбында шығарма жазды. Екінші тапсырма аясында ол Абайдың «Қара сөздерін» оқып берді, ал үшінші тапсырмада Президент 15 минут бойы «Демократия мен қоғам» тақырыбында сөз сөйледі. Ол аталмыш тақырыптың ауқымын тереңдетіп, саралап бере алды.

- Үшінші тапсырма үміткерлер арасында ең күрделі болып саналады, өйткені белгілі бір тақырыпта мүдірмей, тоқтамай 15 минут бойына сөйлеу оңай емес екені ақиқат. Бұл тапсырмада Нұрсұлтан Назарбаевта қиындықтар туындаған жоқ па?

- Ол аталмыш тапсырманы өте жоғары деңгейде орындап шықты.

- Лингвистикалық комиссияның шешімі ҚР Орталық сайлау комиссиясына қашан жіберіледі?

- Шешім Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды, енді олар 5 күн ішінде үміткердің ҚР Конституциясы мен «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сай екендігі туралы қаулы қабылдауы тиіс.

- Әңгімеңізге рахмет.

Соңғы жаңалықтар