Н. Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.