Н. Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін жаңа Бас мүфтидің сайлануымен құттықтады

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін жаңа Бас мүфтидің сайлануымен құттықтады.
None
None

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі жаңадан сайланды. Құттықтауымды қабыл алыңыздар!», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ Н.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдеріне жаңа Бас мүфти Ержан Маямеровтың жұмысына қолдау көрсетіп, жемісті еңбек ететіндеріне сенім білдірді.

Айта кетейік, осы уақытта Қазақстан Президенті Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізуде.

Соңғы жаңалықтар