Н. Назарбаев «Қазақстанда жасалған» отандық тауар өндірушілердің көрмесімен танысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» отандық тауар өндірушілердің көрмесі ашылады. Көрмені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аралап шығады деп күтілуде.
Көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам компаниялар өз өнімдерін ұсынды.
«Көрменің негізгі бағыты: жаңа кәсіпорындар, жаңа өндірістік тізбектер, шығарылатын өнімді жандандыру және кеңейтудегі жаңа бастамалар. Агенттік «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» акциясының үйлестіруші болып табылады және осы көрме елімізде кең ауқымды пайдалануға арналған тауарлар өндірісі артып келе жатқанының дәлелі болып отыр. Көрмеде азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерінен бастап түймеге, аяқ-киім, тұрмыстық жуу құралдары, антифриз, доңғалақ жұптары және темір жолға арналған бұру құралдарына дейін өнімдердің бүкіл тізімі ұсынылып отыр. Көрме, ең алдымен, отандық тауарлар мен кәсіпорындар туралы ақпаратты халыққа кеңінен таратуға бағытталған», - деп атап өтті көрменің ұйымдастырушысы «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ) Басқарма Төрағасы Қайрат Бектүргенев. Сондай-ақ «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ), «Avaya» америкалық компаниясының өкілдері және «КазТехЭлектроника» компаниясы арасында Қазақстанда телекоммуникациялық саланы дамытудағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылатын болады. Тараптар Астанада және Жезқазғанда телефон стансалары және телефон аппараттарының өндірісін іске қосуға ниетті. Өндіріс мыналарды қамтитын болады: AVAYA ұсынатын бағдарламалық жасақтаманы Қазақстанға бейімдеу және оқшаулау, аппараттық платформаға орнату үшін жүйелік бағдарламалық жасақтаманың ашық бастапқы кодымен БЖ базасында әзірлеу.
Бұдан басқа, іс-шара аясында «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ және отандық тауар өндірушілері арасында өнімге Бірыңғай логотипті түсіру туралы 20 меморандумға қол қояды деп күтілуде.