Н.Назарбаев Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін екенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «лайықты әйелдер бар» екенін ескере отырып, ел президенттігіне әйел адамды сайлауға болатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Н.Назарбаев Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін екенін айтты

 «Қазақстанда неге  әйел адам президент бола алмайды деп ойлайсыздар. Әбден болуы мүмкін. Қазақстанның 51 пайызы әйелдер, гендерлік саясат қалыпты даму үстінде, парламент депутаттарының 30 пайызы әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше министр әйел жұмыс жасап жатыр. Сондықтан бұл мүмкін нәрсе, әрі президент болуға дайын әйелдер бар», - деді ол «Қазақстанды бір күндері әйел президент басқаруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап бере отырып.

РФ Президенті Владимир Путин «кейбірімен таныс» екенін айтты. Оған жауап ретінде Н. Назарбаев үш қызы болғандықтан, әйелдерге ерекше құрметпен қарайтынын әзілмен жеткізді.