Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге алып шықты - К. Сағадиев

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге алып шықты. Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында сөз сөйлеген академик Кенжеғали Сағадиев  осылай мәлім етті.

Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге алып шықты - К. Сағадиев

«Қазақстанның тарихы нені алға тартады? Оған үңілсек, Алтын орда мен Дешті Қыпшақтан кейінгі көптеген ғасырлар бойы қазақтар да, Қазақстан да  өз өмірінде осыншалықты терең әрі түбегейлі өмір өзгерістерін, мемлекеттігінің өзгерістерін, халықаралық қауымдастық тарапынан осыншама жоғары мойындаушылықты  бастан кешкен емес. Бұл Н. Назарбаевтың басшылығы кезеңінде ғана құрылған жаңа мемлекеттің арқасында орын алды. Мемлекеттік құрылым толығымен өзгерді, экономикалық модель ауысты, әлеуметтік саясат жаңғырды. Соңғы 9-10 ғасырда қазақтың ешбір билеушісі де, ханы да халықаралық қауымдастықтың сыртында қалған Қазақстанды әлемнен аластатылған күйден алып шыға алмаған еді. Тұңғыш Президент Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге, жоғары - орташа даму деңгейіндегі елдер қатарына алып шықты», - деді К. Сағадиев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына ену үшін еліміздің бір немесе бірнеше қадам жасауы ғана қалып отыр. «Жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Н. Назарбаев біздің тарихымыздағы қазіргі заманда Қазақстанды алғаш рет әлемдік алдыңғы қатарлы позицияға алып шыққан лидер болып табылады. Ендеше Елбасы біздің тарихымызда да осындай тарихи ерен ерлігімен, қайта өрлеу дәуірінің тұлғасы ретінде қалуы керек», - деді К. Сағадиев.