Н. Назарбаев Қазақстанның сот жүйесінің тиімділігін одан әрі қамтамсыз ету үшін тың қадамдар жасалатынын айтты

АНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның сот жүйесінің одан әрі тиімділігін қамтамасыз ету үшін тың қадамдар жасауға ниеттімін. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқына Ант беріп, жаңа президенттік мерзімге ресми кіріскеннен кейінгі сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Н. Назарбаев Қазақстанның сот жүйесінің тиімділігін одан әрі қамтамсыз ету үшін тың қадамдар жасалатынын айтты

«Біз жауапты, тәуелсіз ақпарат құралдарының жүйесін дамытатын боламыз. Менің міндетім заң алдында барлығының теңдігін қамтамсыз ету. Мен сот жүйесінің тиімділігін одан әрі қамтамсыз ету үшін тың қадамдар жасауға ниеттімін», - деді Елбасы. Сонымен қатар Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамның ортақ міндеті екендігін айта келе, жекеменшік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын да атап өтті. Осы және басқа да реформалар Қазақстанның жақын онжылдықта экономикадағы сенімді жемісін, халықтың әл ауқатының артуын қамтамасыз етпек.

«Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық қауымдастықтың аса жауапты қатысушысы болып отыр. Біз Семей сынақ полигонын жаптық, ядролық қарудан бас тартық. Бүгінгі күні біз ғаламдық ядроға қарсы қозғалыстың ең алдынғы қатарындамыз. Біз өз көршілеремізбен бірге, одақтастарымызбен, әріптестерімізбен бірге өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастырдық. Бұл АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ аясында жүзеге асты», - деді Елбасы. Сонымен бірге, Президент Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Ұйымның Астанадағы Саммиті табысты өткенін айтып, осыншама қысқа мерзімде мұндай жетістіктерге жеткен елдің де жоқ екендігін атап өтті.