Н.Назарбаев Люксембург Премьер-Министрімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға әзір екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ К.Беттельді Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады деп үміттенетінін жеткізді.

Люксембург Премьер-Министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтарды жинаған Астана экономикалық форумының табысты өткенін атап айтты.

Соңғы жаңалықтар