12:07, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Н.Назарбаев: Медициналық қызметтерге төлем жасау комитетін трансформациялау қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық қызметтерге төлем жасау комитетін трансформациялау қажет. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру қорын құра отырып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметтерге төлем жасау комитетін трансформациялау қажет. Қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі аталған қор үшін база болады», - деді Елбасы.