18:02, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Н. Назарбаев мемлекеттік сапармен Бейжіңге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өтеді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саяси және іскер топ өкілдерімен кездеседі және қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.