Н.Назарбаев министрліктер мен аймақтардың бірқатар басшыларын қызметтерінен босату туралы Жарлықтарға қол қойды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Н.Назарбаев министрліктер мен аймақтардың бірқатар басшыларын қызметтерінен босату туралы Жарлықтарға қол қойды

Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен;

Дьяченко Сергей Александрович Ақмола облысының әкімі қызметінен;

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен;

Жұмабеков Оңалсын Исламұлы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен;

Қожамжаров Қайрат Пернешұлы Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.