13:49, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Н.Назарбаев монополияға қарсы орган министрлердің «өтініші» бойынша жоқ болғанын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға монополияға қарсы ведомство туралы жеке заң керек. Бұл туралы бүгін «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Үкімет еркін және шынайы бәсекелестікке жағдай жасауы керек. Біріншіден, Үкіметке монополияға қарсы қызметті күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Бізге монополияға қарсы ведомство туралы жеке заң керек»,-деді Мемлекет басшысы. Н.Назарбаев атап өткендей, бұл жеке заң өте нақты әрі жүйелі жасалған болуы шарт. Бұл қадамға барудың себебін айтты. Елбасы қазіргі монополияға қарсы орган министрлердің «өтініші» бойынша жұмысын тоқтатқанын жеткізді. «Заң өте нақты, жүйелі болуы керек. Министрлеріміздің «өтініші» бойынша біз осы органды жоқ қылдық»,-деді ҚР Президенті.