Н. Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу тақырыбын талқылады

әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Астана бастамашы болған ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының саммитін өткізу мәселесін талқылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына айрықша назар аударылды. Біз ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу тақырыбын талқыладық. Мен Пан Ги Мун мырзаға ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалығымызды қолдағаны үшін алғысымды білдіремін», деді бүгін Ақордадағы келіссөздерден кейінгі брифингте Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстан мен БҰҰ өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелері талқыланған. Атап айтқанда, халықаралық қауіпсіздіктің жалпы жағдайы, сондай-ақ ядролық қарусыздану үдерісінде зор маңызы бар біртақатар шаралар талқыланған.

Осы орайда Н. Назарбаев қарусыздану және ядролық қару-жарақты таратпау ісіне Қазақстанның қосқан үлесін әділетті жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді. «Біз ертең Прагада АҚШ және Ресей президенттері қолдарын қоймақ болып отырған стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы жаңа шартқа қол қоятындарын құптаймыз. Екі ірі ядролық мемлекет жеке арсеналдарын қысқарту және жаһандық ядролық қауіпсіздікке қол жеткзу үшін берік саяси ерік-жігерін көрсетіп отыр», деді Н. Назарбаев. Н. Назарбаев Қазақстан сондай-ақ Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке көп үміт артатынын атап көрсетті.

«Келіссөздер кезінде біз Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайға айрықша көңіл бөлдік. Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың әлеуетін кеңінен пайдалануға келістік», деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, келіссөздер кезінде Орталық Азия өңіріндегі экономикалық және су-энергетикалық проблемалар да талқыланған.

Соңғы жаңалықтар