Н. Назарбаев ресми түрде сайлауалды үгіт шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді

АНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде сайлауалды үгіт шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді.

Н. Назарбаев ресми түрде сайлауалды үгіт шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді

Бұл туралы Президент кеше республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхатында айтты.

Сайлаудың ашық әрі әділ өтуі үшін қажетті барлық жағдай жасалатынын атап айтқан Н. Назарбаев: «Мен ресми түрде сайлауалды үгіт шараларын жүргізбеймін. Менің сайлауалды бағдарламам - «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауым мен «Нұр Отан» партиясы съезінде сөйлеген сөзім. Мен референдум өткізу туралы бастама көтерілген желтоқсан-қаңтар айларында өз қолдарын қойған бес мыңнан астам қазақстандықтардың қолдауын анық сезінемін. Мен өзімнің жаңа мерзімге президенттікке үміткер ретінде ұсынылуымды қолдаған

Осы орайда Президент барша қазақстандықтарды 3 сәуір күні міндетті түрде сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізу идеясы Ата Заңға адалдық пен демократиялық ұстанымдарға беріктіктің көрінісі болғанын атап өтті. "Сіздер бұл мәселенің мәнісін жақсы білесіздер. Бір жағынан мен референдум өткізу жөніндегі қоғамдық бастаманы қолдаған көпшілік сайлаушылардың пікірін ескерусіз қалдыра алмадым. Келесі жағынан мен болашақ буын саясаткерлері үшін жаңылыс бағыт болатын қадамға бара алмадым. Осы жағдайларды ескере отырып қана шешім қабылдау керек болды. Күрделі жағдай өзінің алтын орталығымен шешімін тапты деп ойлаймын. Бұл орайда, менің ойымша, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімнің тарихи маңызы жоғары болды", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, осы сәтке дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрт үміткерді, атап айтқанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековты, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымовты және «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізовты. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.