Н.Назарбаев: «Самұрық-Қазына» ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруы тиіс. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қор өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруы тиіс. Назарбаев университеті базасында құрылған ғылыми-зерттеу орталығы бұл тек алғашқы қадам ғана. Зерттеу зертханаларын құру керек. Компаниялардың өздері ғылыми орталықтарға әлемнің жетекші ғалымдарын тартуы тиіс. Әлемнің көптеген компаниялары дәл осылай жасайды», - деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы қордың зерттеу және әзірлеме жұмыстарына шығындайтын қаржысы орташа тәулікте 10 есеге артуы керектігін баса атап өтті.
«Жаңа өнімдер технологиясының өзіндік инновациясын құрмай қор еш уақытта да өз өнімділігін көтеріле алмайды және әлемдік нарыққа шықпайды», - деді ҚР Президенті.