Н.Назарбаев түркі мәдени мұрасын «Аталар мирасы» атты ғылыми жоба арқылы жарыққа шығаруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі мәдени мұрасын «Аталар мирасы» атты ғылыми жоба арқылы жарыққа шығаруды ұсынамын. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Н.Назарбаев түркі мәдени мұрасын «Аталар мирасы» атты ғылыми жоба арқылы жарыққа шығаруды ұсынды

«Түркі жұртының адамзат мәдениетіне қосқан үлесі аса қомақты. Осынау бай мәдени мұраны «Аталар мирасы» атты ғылыми жоба арқылы жарыққа шығаруды ұсынамын. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Түркі академиясына табыстау керек», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы осы ретте былтыр ғана халықаралық ұйым мәртебесін алған академия аз уақыттың ішінде аса тиімді институт ретінде танылғанын баса айтты.

«ЮНЕСКО, ИСЕСКО ұйымдарымен байланыс орнатып, халықаралық академиялар одағына мүше болды. ЮНЕСКО штаб пәтерінде Қорқыт мұрасына қатысты халықаралық форум ұйымдастырды. Астана экономикалық форумы аясында «Каспий транзиттік дәлізі» тақырыбында арнайы жиын өткізді»,- деді Елбасы.