Н.Назарбаев Үкімет басшысына денсаулық сақтау нысандарын салуда орын алып отырған бассыздықтарды анықтауды тапсырды

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау нысандарының құрылысын сынға алды.

Н.Назарбаев Үкімет басшысына денсаулық сақтау нысандарын салуда орын алып отырған бассыздықтарды анықтауды тапсырды

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мәселелерін анықтап алу қажеттігін атап өткен Елбасы: «Өткен жылдары 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында жоспарланған 103 денсаулық сақтау нысанының тек 58-і ғана салынған. Бұл құрылыстарға кім әкімшілік жасайды? Бұлай жұмыс істемеу керек. Әкімдер қайда қарап отыр? Бұл адамдардың денсаулығы үшін, әрі алдымен, сендердің орындауға тиісті тапсырмаларың. Біз бұл бағдарламаны неліктен енгізіп, ақша бөлдік?»,-деді.

Сонымен қатар Н. Назарбаев, 2011 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елімізде қосымша 350 аурухана мен амбулатория салу міндетін жүктегенін айта келе, «Бірақ жұмсалған шығыстар тек 7 нысан бойынша ғана. Онда неліктен біз осыншама нысан жоспарладық?»,-деді Президент.

Бұл ретте Н. Назарбаев, осындай бассыздықтардың орын алып отырғандығын анықтауды Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жүктеді.