Н.Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Панфиловқа көше атын беруді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Панфиловқа көше атын беруді және оған ескерткіш орнатуды тапсырды.
None
None

«9 мамыр - барша мемлекет үшін елеулі күн. Осыған байланысты Астана қаласының әкіміне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, елордамыздың жаңа көшелерінің біріне біздің атақты жерлесіміз, генерал Иван Васильевич Панфиловқа көше атын беру және ескерткіш орнату жайын үйлестіруді тапсырамын», - деп атап өтті ол.

ҚР Президентінің сөзіне қарағанда, қазақ жерінен шыққан осындай батырлар өзге елдерде де құрметке ие болып келеді.

«Жақында - сәуір айында Ресейдің Псков облысы Невель қаласында бас орталық алаңға қазақ батыры Әбілхайыр Баймолдиннің есімі берілді. Ол сол қалада фашистерден босатылғаннан кейін бірінші комендант болған, 1944 жылы қаза тапқан. Енді қала басшылығы Жеңіс күнінде оның зиратында қола мүсін орнату жоспарлауда. Біз Ресей халқына соғыс жылдарының батырларына осындай құрмет көрсетіп жатқандары үшін алғыс айтамыз. Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді, біз қазірден бастап оған тыңғылықты дайындалуымыз керек. Қазақстандық Кеңес Одағы батырларының баршасын еске алып, оларға құрмет көрсетуіміз шарт», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар