Н.Назарбаев: Жаңа басшылық Ұлттық банкті сауатты басқара алатындығына сенемін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа басшылық Ұлттық банкті сауатты басқара алатындығына сенемін. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Ұлттық банктің қоғамға, қаржы институттарына өзінің қызметіне қатысты маңызды ақпараттарды тұрақты түрде ұсынып отыруы маңызды. Қаржы секторының барлық қатысушыларымен дұрыс жұмыс қарым-қатынасын орнату маңызды. Барлық қажетті шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы ынталандыру, оның ішінде мониторлық әдістерге көшуге болады. Мен жаңа басшылық Ұлттық банкті сауатты басқара алатындығына, біздің халқымыздың банкке және өздеріне сенімін қалыптастыра алатындығына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы баршамыз ұлттық валютаға деген сенімімізді күшейтуіміз қажеттігін баса айтты.

«Қазіргі уақытта теңге салымы азаматтардың жинақтарын сақтау үшін үздік ақша болып табылады», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар